Демалыс күндеріндегі локдаун сақталады

9 Қыркүйек 2020, 11:03
1857
Бөлісу:
Демалыс күндеріндегі локдаун сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 

Аурудың таралуын болдырмау және елдегі эпидемиологиялық жағдайды сипаттайтын оң динамиканы сақтау үшін кейбір шектеу шаралары мен локдаун демалыс күндері сақталады, - деді ол.

Алексей Цойдың айтуынша, министрлік күзгі маусымға дайындықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Бүгінде ел бойынша медициналық мекемелердегі төсек-орын саны - 54 178. Яғни, 16 304 инфекциялық төсек-орын, салынып жатқан нысандарда 2 790 жаңа және басқа стационарларда 32 064 төсек-орын бар. Реанимациялық төсек саны 2 981-ді құрайды, - деді министр.

9 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 19 066 инфекциялық төсек-орын бар, бүгінде оның 15%-ы, ал реанимациялық төсек-орынның 14%-ы қамтылған.

Айта кетейік, Цой бұған дейін елде коронавирус бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасқанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы