Декретте отырған әйелдерге 42500 теңге қалай беріледі?

6 Сәуір 2020, 12:38
4173
Бөлісу:
Декретте отырған әйелдерге 42500 теңге қалай беріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны декретте отырған әйелдер қалай алатынын айтты.

Декретте отырған әйелдер туралы айтып өтсем. Өйтені көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Оларға бала күтімі үшін бала бір жасқа толғанша мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Бір жылдан асқаннан кейін олар жұмысқа шығар еді, бірақ төтенше жағдайға байланысты ешкімді жұмысқа алмайды. Сондықтан декретте отырған аналар бір жыл өткеннен кейін бірыңғай жинақтық төлемді төлеп, 42 500 теңгеден үміттенуіне болады, - дейді министр.
Ол осы ретте кейбір азаматтардан бір емес, екі-үш өтініш түсіп жатқанын айтып өтті. 
Бізге әлеуметтік төлем алуға 1 миллион 284 мың өтініш түсті. Алайда тек 938  мың адамнан қабылданды. Ол дегеніміз бір адам бірнеше рет өтініш тастап жатыр. Мүмкін қателесіп жіберген шығарсыздар, бірақ екі-үш рет өтініш берсем, екі-үш рет аламын десеңіздер, қателесесіздер, - деді Біржан Нұрымбетов.

Еске сала кетейік, осыған дейін министр бұл әлеуметтік төлем кімдерге тиесілі деген сауалға жауап берген еді. Үйде жатып қашықтан жұмыс істегендер бұл санатқа кірмейді. Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік ұйымдарға бұл төлем берілмейді. Әлеуметтік төлем берілетін келесі топ – өз бетімен жұмыс істеп жүрген жеке тұлғалар. Олардың арасында ресми және бейресми жұмыспен айналысып жүргендер бар.


Өзгелердің жаңалығы