ДДСҰ СOVID мутациясына байланысты бақылауды күшейтуге шақырды

21 Желтоқсан 2020, 10:30
1575
Бөлісу:
ДДСҰ СOVID мутациясына байланысты бақылауды күшейтуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аурудың тез өршуін ескере отырып, коронавирустың жаңа штаммы осы уақытқа дейін белгілі болған штамдарынан да тезірек таралуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропа елдерін Ұлыбританияда Сovid-тың жаңа штаммының пайда болуына байланысты коронавируспен күресу шараларын күшейтуге шақырады, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Вирустың берілу жолы қарқынды және кең таралған бүкіл Еуропада елдері бақылау және алдын-алу (жұқтыру) тәсілдерін екі есе арттыруы керек, - деді ДДСҰ Еуропалық өкілдігінің спикері.
ДДСҰ мәліметі бойынша, Ұлыбританиядан тыс жерде мутацияланған вирусты жұқтырудың 11 жағдайы тіркелген - Данияда 9, Нидерланды мен Австралияда бір-бірден.
Коронавирустың жаңа штаммы Англияның оңтүстік-шығысынан табылды. Аурудың тез өршуін ескере отырып, вирустың жаңа штаммы осы уақытқа дейін белгілі болған штамнан жылдам таралуы мүмкін, - деп болжайды Англияның бас дәрігері Крис Уитт.

Еске сала кетейік, коронавирустың жаңа мутациясы, вирустың алдыңғы нұсқасынан 70% жылдамырақ, ол қыркүйек айында Англияның оңтүстік-шығысынан анықталған.

Өзгелердің жаңалығы