Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы 10 жылда пандемия салдарынан әлемде миллиондаған медицина қызметкері тапшы болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп отыр, деп жазды 24.kz.
Себебі бір жылдан астам уақытқа созылып келе жатқан індет дәрігерлердің психикалық жағдайына ауыр соққы болып тиген. Коронавирус таралғалы олар індетпен алдыңғы шепте күресіп, көбі түрлі жағдайда қызметін тастап кетуге мәжбүр болған.
Сарапшылар енді денсаулық сақтау саласының өкілдерін халықты вакциналау бойынша туындаған мәселелер де көптеп алаңдатып отырғанын айтады. Өйткені егер бай елдерде жұқпалы дертке қарсы халықтың басым бөлігі егіліп, шектеулер алынып жатса, кедей елдерде әлі препараттар қолжетімсіз.
Оқи отырыңыз: