Бас жаңалықтар
ДДСҰ әлемде COVID-19 салдарынан өлім-жітімнің өскенін хабарлады
07 Сәуiр 2021, 15:53 284

ДДСҰ әлемде COVID-19 салдарынан өлім-жітімнің өскенін хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) апта сайынғы эпидемиологиялық бюллетенінде әлемде COVID-19 салдарынан болып жатқан өлім-жітімнің өсуі туралы хабарлады.


Соңғы аптада әлемде коронавирус құрбандарының саны 11%-ға өсті. Әлемде COVID-19 жаңа жағдайларының саны алтыншы аптада қатарынан артып, соңғы аптада 4 миллионнан астам жаңа жағдай тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда тіркелген өлім-жітім көрсеткіші 11%-ға өсті, 71 мыңнан астам жаңа өлім тіркелді, - делінген ДДҰ бюллетенінде.


Ұйымның мәліметінше, оңтүстік-шығыс Азияда жеті күнде COVID-19-дан өлімнің өсуі 46%, Солтүстік және Оңтүстік Америкада - 15%, Шығыс Жерорта теңізінде - 7%, Еуропада - 2% құрап отыр.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...