ДДСҰ: Жыл сайын 16 млн адам инфекциялық және паразитарлық аурудан көз жұмады

12 Қыркүйек 2019, 17:47
3651
Бөлісу:
ДДСҰ: Жыл сайын 16 млн адам инфекциялық және паразитарлық аурудан көз жұмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, инфекциялық және паразитарлық аурулар өлім-жітімнің 25%-ын, яғни жыл сайын шамамен 16 миллион адамды құрайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда  өткен «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: мәселелер мен шешімдер» қазақстандық алғашқы конгресінде айтты.

Конгрестің ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана медицина университеті және Инфекционист дәрігерлер қоғамы Санофи компаниясының қолдауымен.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының  орынбасары Руслан Сатывалдеевтің айтуынша, инфекциялық аурулармен тиімді күресу үшін бір ғана медицинаның күші жеткіліксіз: білім, ғылым және практиканың, медициналық, ветеринарлық ғылымның, сондай-ақ әлеуметтік қорғау қызметінің, психиология және отбасының бірлесуі керек. Салауатты өмір салтына бейілділікті қалыптастыру, инфекциялық аурулардың алдын алу туралы ақпараттылықты арттыру маңызды рөл атқарады. 
 
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, инфекциялық және паразитарлық аурулар өлім-жітімнің 25% құрайды, яғни жыл сайын шамамен 16 миллион адамды құрайды. Жаңа инфекциялардың пайда болуы, микроорганизмдердің айналымдағы штамдарының генетикалық өзгергіске ұшырауы халықтың эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында қарқынды жұмысты қажет етеді. Осыған орай, биыл көктемде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық денсаулық сақтау орталығында Халықаралық денсаулық сақтау ережелері мен жаһандық денсаулық сақтау бағдарламасының аясында Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталық ашылды. Жедел орталықтың негізгі міндеті – биологиялық, химиялық және радиациялық қауіптерге жауап кезіндегі әрекетті бақылау және үйлестіру», - дейді Руслан Сатывалдиев.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының өткен жылдан бастап денсаулық сақтаудың ДДҰ анықтаған он негізгі функциясына негізделген Қазақстанның денсаулық сақтаудың жаңа қызметі өз жұмысын бастағанын айтты.

«Тиімді салааралық ынтымақтастық үшін үкімет жанынан Ұлттық денсаулық сақтау үйлестіру кеңесі құрылды және жұмыс істейді, сондай-ақ аудан әкімдіктері, ауылдық округтер, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары, орталық аудандық ауруханалардың қатысуымен облыстық деңгейде және ведомстволық үйлестіру кеңестері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта барлық денсаулық сақтау қызметкерлерінің әлеуеті белсенді түрде өсуде. Салааралық күш-жігердің арқасында ДДҰ «Салауатты қалалар мен аймақтар», «Салауатты мектептер», «Салауатты университеттер» және «Салауатты жұмыс орындары» жобаларын бастады», - дейді ол.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта жұқпалы емес аурулардың алдын алудың жаңа басымдықтарына негізделген, әр адам үшін де, жалпы қоғам үшін де ынталандыруды күшейте отырып, олардың денсаулығына ортақ жауапкершілікті қамтамасыз етуге негізделген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа кодексінің жобасы әзірленді.

Конференция барысында инфекциялық аурулардың алдын алу саласындағы жаңа өңдеулер, сондай-ақ тұмау, ЖРВИ, нейроинфекциялар мен пневмония, ішек, зоонозды,  тропикалық инфекциялар, паразитарлық аурулар, вирустық гепатиттер, АИТВ/ЖИТС және басқалар сияқты халық арасында қоғамдық денсаулықты қорғауға ықпал ететін инфекциялардың таралуы бойынша өсімнің басты себептері талқыланды.
Өзгелердің жаңалығы