ДДСҰ COVID-ке қарсы жаппай вакцинацияға қатысты болжам жасады 

20 Шілде 2020, 13:11
2187
Бөлісу:
ДДСҰ COVID-ке қарсы жаппай вакцинацияға қатысты болжам жасады 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 2021 жылдың ортасында басталуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) басшысының орынбасары Сумия Сваминатан мәлімдеді, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Ұйым өкілі "қазіргі таңда 20-дан астам кандидат-вакцина клиникалық сынақтардан өтіп жатқанын" айтты. 
 

Олардың кейбірі іске асады деген үміт бар. Бірақ, нәтижелер келесі жылдың басында алынуы мүмкін, - деді ұйым өкілдері. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, вирусқа қарсы тұратын антиденелер біраз уақыттан кейін жоғалып кетуі мүмкін және бұл иммунитеттің төмендігін білдірмейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ COVID-ке қарсы күресте  көптеген елдер дұрыс жолды таңдамағанын мәлімдеген еді.  
 

Өзгелердің жаңалығы