ДДСҰ Қазақстанды үлгі етті

13 Мамыр 2020, 07:51
1994
Бөлісу:
ДДСҰ Қазақстанды үлгі етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавирусқа қарсы күрес шараларына жоғары баға берді.

Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі, – деп жазды Клюге Twitter-де.
ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы елімізде коронавирусқа қарсы келесі шаралар атқарылып жатқанын атап өтті:

- күшейтілген бақылау;

- тестілеудің кең ауқымы, соның ішінде медицина қызметкерлерін;

- мәліметтерді цифрлық түрде жинақтау;

- профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуі және науқастармен байланыста болғандарды қатаң бақылау;

- науқастарды емдеудің дұрыс тактикасы;

- зерттеудің жүргізілуі.


Өзгелердің жаңалығы