Дауылды ескерту. Найзағай ойнап, шаңды дауыл соғып, аптап ыстық болады

16 Мамыр 2021, 18:15
1994
Бөлісу:
Дауылды ескерту. Найзағай ойнап, шаңды дауыл соғып, аптап ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 17 мамырға арналған ауа райына байланысты еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. 

Шымкент қаласында шығыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Түркістан қаласында шығыстан екпіні 15-20 м/с жел болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысынының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-18 м/с жетеді.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Қостанай қаласында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді. 

Петропавл қаласында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

18-19 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. 17-19 мамырда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысып, 15-20 м/с күшпен соғады. 

Тараз қаласында 19 мамыр күні найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. 17,19 мамыр күндері күндіз солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы