Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұйқының сапасына әсер ететін өнімдер аталды. Дәрігер Елена Малышева ұйқысыздықтан зардап шегіп жүрген адамдарға, ең алдымен, алкогольден бас тартуға кеңес берді.
Сондай-ақ, кофе де ұйқы режиміне кері әсерін тигізеді.
Біріншіден, ол әлсіз психостимулятор, екіншіден, несеп айдайғыш болып табылады. Сіз ұйықтап, қайта ояна бересіз. Өйткені 20 минут сайын дәретханаға барғыңыз келеді, - деді ол бағдарлама барысында.Майлы, ащы тағам салдарынан қыжыл пайда болып, ұйықтау қиындайды.
Егер ұйқыңыз бұзылса, тағам мәзіріне ден қойыңыз, - деді дәрігер.
Ұйықтар алдында айран ішіп, шие, асжапырақ, пісте жемісі, палтус жеген жөн.