Даниал Ахметовтің жаңа орынбасары тағайындалды

4 Қыркүйек 2021, 05:24
3234
Бөлісу:
Даниал Ахметовтің жаңа орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және облыс әкімінің өкімімен ШҚО әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жөніндегі орынбасары болып Нұржан Жұмаділов тағайындалды.

Нұржан Жұмаділов бұған дейін облыстың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды.

Нұржан Сайлаубекұлы Жұмаділов 1969 жылы ШҚО Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Ол Өскемен құрылыс-жол институты мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «инженер-құрылысшы», «экономика және бизнес бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Аягөз ауданындағы ДЭУ-25-те жол шебері болып бастаған. Біраз уақыттан кейін прораб, одан соң осы ұйымның өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы болды.

2001 жылы «Қазақавтожол» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының 71-жол пайдалану учаскесін басқарды.

2006 жылдан 2009 жылға дейін Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаментінің Сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімдерін басқарды.

2009 жылдан осы күнге дейін ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарып келді.

Өзгелердің жаңалығы