Дәндібаев әскери білім беретін оқу орындары туралы айтты

9 Шілде 2021, 14:56
1684
Бөлісу:
Дәндібаев әскери білім беретін оқу орындары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев айтты.

Армияны кәсіпқой сержантпен жасақтау міндеті Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжге жүктелген. Онда 3 мамандық бойынша толық емес орта білім негізінде техникалық, кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылады: «Мотоатқыштар бөлімшелерін басқару», «Зымыран әскерлері мен артиллерия бөлімшелерін басқару», «Танк бөлімшелерін басқару», - деді ол.

Ол атағандай, Қарулы Күштерді кәсіпқой сержанттармен жасақтау мәселесін шешу үшін 9 ақпанда Үкімет қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж болып қайта аталды.

Әскери колледжде негізгі орта білім беру базасында 2 жыл 10 ай оқу мерзімімен 4 мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады.Құрылған әскери білім беру жүйесі әскери сала маманының мансаптық өсуінде дәйекті модель жасауға мүмкіндік береді, - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев.

Өзгелердің жаңалығы