Дана Нұржігіт жалғызбасты аналардың жағдайына алаңдап, маңызды мәселе көтерді

12 Желтоқсан 2019, 11:31
11825
Бөлісу:
Дана Нұржігіт жалғызбасты аналардың жағдайына алаңдап, маңызды мәселе көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Дана Нұржігіт ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовке әлеуметтік маңызды сауал қойды.

Қазақстанда былтырғы жылдың көрсеткіші бойынша 10 жылда 1,5 млн неке қиылған. Дәл осы кезеңде жарты миллион отбасы ажырасуға шешім қабылдаған. Демек, жалғызбасты аналардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Егер ол жалғызбасты аналар балаларының әкелерінен алиментті өндіріп ала алмай отырса, экономикалық қиындық тап болса, атаулы әлеуметтік көмектен үміті бар ма? - деп сауал қойды сенатор.

Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек тек кедейшілік деңгейіне байланысты беріледі.


Атаулы әлеуметтік көмек тек табысының төмендігіне байланысты беріледі. Ол жерде жұбайы, баласының бар-жоғының болуына қарамайды. Егер табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен болса, міндетті түрде беріледі. Ал жұбайлардың арасындағы қатынасқа байланысты көптеген әңгіме болды. Тіпті, кейбір өңірлерде әдейі ажырасуға барғандар болған. Өйткені, АӘК алу үшін жұбайының табысын есептетпеуге байланысты жасатқан. Қазіргі заңда неке куәлігі қаралмайды. Ажырасып кетсе де олар бір отбасы болып ескеріліп, табыстары қаралады, - дейді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Өзгелердің жаңалығы