«Даму» қоры 2019 жылға жоспарларымен бөлісті

11 Қаңтар 2019, 18:14
1783
Бөлісу:

Астана, baq.kz тілшісі. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов 2019 жылы қордың алдында тұрған жоспарларды атады. 

«Қор теңгемен өтімділікті ұзақ мерзімді қамтамасыз ету үшін Жол картасы аясында басым жобаларды несиелендіру механизмі бойынша оператор болады. Механизмді жүзеге асыруға қосымша 600 млрд тг бөлінеді. Жол картасы аясында субсидиялауға 30 млрд теңге қарастырылған. Биыл 50 млрд теңгеге дейін капиталдандыруды күтіп отырмыз», - деді ол. 

Ол шағын және орта бизнесті дамыту үшін 71 млрд теңгеге дейін қаржы тарту жоспарланып отырғанын айтты. Сырттан 15 млрд теңгеге дейін, ішкі қаржы көздерінен 22 млрд теңгеге дейін қаржы тарту көзделеді.

Сондай-ақ, қордың алдында ислам қаржыландыру шартын іске қосу, микроқаржы ұйымдарының қатарын көбейту, микроқаржы ұйымдарына арзан несие беру мақсатында стратегиялық әріптестер – халықаралық қаржы ұйымдарын тарту секілді жоспарлары бар.
Назерке Абибулла 
Өзгелердің жаңалығы