Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін 222 млрд теңге қажет бөлінді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға арналған онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.
Оның айтуынша, Жолдауда мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласына қатысты 11 міндетті айқындап берді. Солардың бірі санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандары мен дәрігерлердің жалақысын биылдан бастап кезең-кезеңімен көтеру және 2023 жылға қарай орташа жалақыдан екі есеге арттыру.
Осы міндетті жүзеге асыру үшін ведомсиво қажетті есептерді жасады. Алдағы үш жылдың бюджетіне қажетті сомма мөлшері жолданды 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеру үшін қажет бюджет 2021 жылы 222 млрд, келесі жылы 362 млрд, 23 жылы 557 млрд теңгені құрайды, - деді ол.Сондай-ақ, ол коронавирус инфекциясының таралауына қарсы іш шараларға қатысқан медициналық қызметкерлерді ынталандыруға арналған әлеуметтік үстемақысы осы жылдың соңа дейін төленетінін атап өтті.
Наурыз бен шілде айларында коронавирус инфекцисының таралуына қарсы іс шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне үш тәуекел тобы бойынша ынталандыру ретінде жалпы 60 млрд теңге төленді. Қосымша 150 млрд теңге бөлу жөнінде тапсырма берілді, - деді Марат Шоранов.