Цой жарақат алған жазасын өтеушілердің халін сұрап барды

21 Шілде 2021, 09:39
2255
Бөлісу:
Цой жарақат алған жазасын өтеушілердің халін сұрап барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жарақат алған жазасын өтеушілердің халін сұрап барды.

Еліміздің бас дәрігері төтенше жағдай салдарынан ауыр дене жарақатын алып, Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған жазасын өтеушілердің халін сұрап барды. 

Министр олардың қазіргі жағдайын сұрап, дәрігерлермен тілдескен соң, науқастарға тездетіп сауығып кетуге тілектестігін жеткізді. 

Еске сала кетейік, уақытылы медициналық көмек көрсету үшін сотталғандар шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, жатқызылған болатын. 

Қазіргі таңда жарақат алғандар дәрігерлердің бақылауында. Бір науқастың жағдайы тұрақты ауыр күйде, ал қалған үшеуі түрлі деңгейдегі жарақат алған. Медициналық көмек толықтай көрсетіліп жатыр.

Айта кетсек, Маңғыстау облысында түзету мекемесінің ғимараты қирап, салдарынан екі адамның көз жұмып және жеті адам жараланған болатын. Кейін тағы бір адам қаза болған еді.
Өзгелердің жаңалығы