Цой вакцина алғаннан кейін қанша адам қайтыс болғанын айтты

20 Тамыз 2021, 16:52
17783
Бөлісу:
Цой вакцина алғаннан кейін қанша адам  қайтыс болғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Біз 2021 жылғы ақпан-шілде айларына талдау жүргіздік. Жалпы коронавирустан 4 969 адам көз жұмды. Оның ішінде 115 адам вакцина алғандар қатарынан. Бұл жалпы санның 2,3 пайызын құрайды. Оның ішінде 97,7 пайызы вакцина алмағандар болып отыр. Бізде өңірлер бойынша бөлімдер бар. Вакцина алып қайтыс болғандарда созылмалы аурулары болған. Олар вакцина алып, жағдайлары төмендеп, көз жұмған, - деді ол.

Министр атап өткендей, созылмалы аурулары барларға вакцина алуға болатынын айтты.

Себебі олар қауіпті аймаққа жатады. Созылмалы аурулары бар науқастарда көп жағдайда антидене пайда болмайды. Көз жұмғандардың басым бөлігі вакцина алмаған, - деді министр.

Цой атағандай, қайтыс болғандардың 1 немесе 2 компонентті алғандар екені анықталған.

Қайтыс болғандар бойынша нақты сараптама жүргізбедік. Себебі бұл - отбасылар үшін үлкен қайғы. Негізінен созылмалы аурулар қант диабеті, семіздік және жүрек-қан тамырларының індеті болды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы