COVID-19. Вакцина Еуропаға жыл соңына қарай жеткізілмек

15 Маусым 2020, 10:56
1822
Бөлісу:
COVID-19. Вакцина Еуропаға жыл соңына қарай жеткізілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца хабарлады, деп жазады ru.euronews.com.

Италия, Франция, Германия және Нидерланды елдері AstraZeneca британиялық-швед фармацевтикалық компаниясымен коронавирусқа қарсы 400 миллион доза вакцина жеткізіп беретін келісімге қол қойды. 

Препараттың алғашқы партиясы тапсырыс берушілерге 2020 жылдың соңына дейін түсуі керек. Бұл туралы Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца хабарлады, деп жазады ru.euronews.com. Ол әңгіме Оксфорд университетінің әзірлемелері туралы болып отырғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта күзде аяқталатын вакцина сынақтары жүріп жатыр.

АstraZeneca, сондай-ақ, Ұлыбритания мен АҚШ-тан да тапсырыстар алды және індеттің алдын алу үшін жаһандық инновация коалициясымен және вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық Альянспен 300 миллион дозаны өндіру және жеткізу туралы келісім жасасты. 

ДДҰ мәліметі бойынша, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 7 миллион 550 мыңнан асты. COVID-19-дан 423 мыңнан астам науқас қайтыс болды.
Өзгелердің жаңалығы