COVID-19. Молдова індет жұқтырғандар саны көбейсе «қызыл код» енгізуге дайын

3 Қыркүйек 2021, 15:21
3471
Бөлісу:
COVID-19. Молдова індет жұқтырғандар саны көбейсе «қызыл код» енгізуге дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер Молдавада коронавирустың таралу қарқыны арта беретін болса, онда елде «қызыл код» енгізуге тура келеді. Бұл туралы Ұлттық вакцинациялау науқанының үйлестірушісі Нинель Ревенко TVR Moldova телеарнасында мәлім етті.

Соңғы 14 күнде бізде 100 мың тұрғынның арасынан 142 жағдай тіркеліп отыр. Бұл біздің «қызыл кодты» енгізуміз керек екенін көрсетеді, - деді Ревенко.
Ол республикада «қызыл кодты» енгізу қажеттіліктен туындап отырғанын мәлімдеді. Сарапшының айтуынша, ахуалдың одан әрмен дамуы тұрғындардың тәртібіне байланысты.

Ревенко карантиндік шаралар күшейтілген жағдайда, халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша мектептер жабылатынын айтты.

Ревеко елдегі жағдай ушыққан жағдайда соңғы болып мектептер жабылтанын айтты. Себебі бұл халықаралық ұйымдардың ұсынысы.

IA REGNUM мәліметі бойынша, пандемия кезінде Молдовада 68 105 коронавирус инфекциясы анықталып отыр. Оның ішінде 4877 соңғы тәулікте тіркелген. Барлығы 6406 пациент қайтыс болған.


Үндістанда бір тәулік ішінде 45 352 адам инфекция жұқтырып, соңғы екі айда болмаған рекорд көрсетті

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде бір тәуліктің ішінде 45 352 жағдай тіркеліп, ондағы 366 науқас індеттен қайтыс болған.

Қазіргі таңда коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 4 100 138 адамды құрап отыр.

Пандемия басталғаннан бері 439 895 пациент қаза болған. COVID-19 инфекциясынан 320 63 616 адам жазылып шыққан. Вакцинаның толық дозасын 67 09 599 68 адам салдырған.

Австралиялық ғалымдар коронавирустың бір айда неше рет мутацияға ұшырайтынын зерттеді

Австралиялық ғалымдар SARS-CoV-2 вирусының мутациясы оның эволюция жылдамдығының артуымен байланысты, деген пікірде. Вирус бұрын айына екі мутацияға ие болса, қазір — 10-нан 15-ке дейін жеткен. Мысалы, 2020 жылы әлемде ДДҰ қауіптің ең жоғары бағаланған төрт топты; Британдық «альфа», Оңтүстік африкалық «бета» бразилиялық «гамма» және Үнді «дельтасы». Аталған штамдар тез таралады, өте ауыр әсер етеді. Инфекциядан немесе вакцинациядан кейін пайда болған антиденелерге аз сезімтал болып келеді. Бұл жаңа түрлер нәтижесінде бірнеше айлап емес, бірнеше аптадан кейін пайда болатындығын көрсетті.

Ресейлік ғалымдардың пікірше COVID-19 семіздікке әкелуі мүмкін

COVID-19 кейбір жағдайларда семіздікке әкелуі мүмкін. Бұл Ресейлік иммунолог Артем Стрельников артық салмақ жинамау үшін назар аударылуы керек белгілерді атап көрсетті. Олардың бірі-иіс сезіну, атап айтқанда, covid-19 ауруынан кейін тамақ иістерінің өзгеруі. Кейбіреулер үшін суық тамақ ыстықтан гөрі жағымды иіс шығарады.

Тағамның температурасына байланысты иісінің өзгеруі қалыпты жағдай. Өйткені, тамақ ыстық болған кезде ондағы молекулалар тезірек қозғалады, сондықтан иіс те жағымды бола түседі, - деді Стрельников.

Оның айтуынша, суық тағамды теріс пайдалану гастритке шалдықтырып, одан басқа да организмдер зардап шегіп, нәтижесінде семіздікке әкелуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы