Бас жаңалықтар
COVID-19. Өлім-жітім деңгейін арттыратын себеп анықталды
13 Шілде 2020, 14:49 3721

COVID-19. Өлім-жітім деңгейін арттыратын себеп анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адам қанындағы қанттың жоғары деңгейі COVID-19 коронавирус инфекциясының ауыр түрлерінен болатын өлім қаупін екі есе арттырады. Бұл туралы РИА Новости Diabetologia журналында қытайлық ғалымдардың зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады.

Ғалымдар 24 қаңтар мен 10 ақпан аралығында коронавируспен ауруханаға жатқызылған Ухань қаласының 600-ден астам тұрғынының ауру тарихын зерттеді. Коронавирустық инфекциядан көбінесе (2 еседен артық) қандағы глюкоза деңгейі жоғары адамдар қайтыс болған. Бұл жағдайда барлық адамдар бұрын анықталмаған диабеттен зардап шекті деп болжау қиын, себебі глюкоза деңгейі жоғары науқастардың жалпы саны 29 пайызға жақындады, ал қытай халқының тек 12 пайызы ғана диабетиктер болып табылады, - делінген зерттеуде.
Қандағы қанттың жоғары деңгейі тромбтар мен қабынуға әкеліп соғады, сондай-ақ қан тамырларының жұмысын нашарлатады, деп есептейді ғалымдар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы наурыз айында COVID-19 жаңа коронавирус инфекциясының өршуін пандемия деп жариялағаны белгілі. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша әлемде коронавирус жұқтырған 12,1 миллионнан астам жағдай анықталып, 551 мыңнан астам адам асқыну салдарынан көз жұмды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...