COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 10 науқас анықталды

29 Қыркүйек 2020, 09:51
970
Бөлісу:
COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 10 науқас анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 16 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 32500, 351 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27073 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 300 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 906 науқас жатыр. 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 92 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 10 науқас анықталды
Өзгелердің жаңалығы