COVID-19 ақша арқылы жұға ма?

26 Наурыз 2020, 13:51
3253
Бөлісу:
COVID-19 ақша арқылы жұға ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратовтың COVID-19 індеті кезінде қолма-қол ақшаны қалай пайдалануға болатынын түсіндірді.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан Ұлттық банктің COVID-19-дың таралу ықтималдығы туралы мәселелерге түсініктеме беру құзыреті жоқ.

Сонымен қоса қолма-қол ақшаны пайдалануға байланысты есік тұтқалары, кредиттік карталар мен мобильді телефондар т.б. сияқты кез келген басқа ақшаға қатысы бар заттарды тұтынуда абай болған жөн. Біз жиі ұстайтын көптеген басқа заттар мен нәрселер бар екенін ұмытпаңызда – дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бірінші кезекте, банкноттардың инкассациядан кейін сақталу мерзімінің ұзақ болуына назар аудару керек.

COVID-19 вирусы жұғуы мүмкін деген банкноттардың айналымға шығу ықтималдығы мардымсыз. Ұлттық банктің ішкі нормативтері бойынша екінші деңгейдегі банктерден түсетін қолма-қол ақша қайта санауға дейін ашылмаған күйі 45 күн, ал қайта санаудан кейін бір жыл сақталуы мүмкін. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша қазіргі сәтте «вирустың зат арқылы жұғуы туралы мәліметтер жоқ». Коронавирустың қоршаған ортадағы тұрақтылығы салыстырмалы температура мен ылғалдыққа тікелей байланысты – дейді Жомарт Қажмұратов.

Ол кассирлер үшін қолды жиі жуудың маңызды екенін айтты.

Қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін касса қызметкерлерінің жұмыс ерекшелігін ескерсек, қолды жиі жууға қатысты кеңестер осы адамдар тобы үшін ерекше маңызды. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шараларды сақтауы қажет. Вирустың таралуы қаупін азайту үшін мүмкіндігінше онлайн төлемдер жсау. Дүкендерде, дәріханаларда, курьерлермен есеп айырысуда, таксиде онлайн төлем жасау тетіктерін көбірек пайдалануды ұсынамыз. Бұл байланыс жасау саны мен деңгейін төмендетуге, яғни коронавирустың таралуын шектеуге мүмкіндік береді – дейді маман.

Өзгелердің жаңалығы