COVID-19: Алматы облысында ауырғандар саны 53-ке жетті

21 Сәуір 2020, 15:26
1919
Бөлісу:
COVID-19: Алматы облысында ауырғандар саны 53-ке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында тағы 3 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Іле ауданы Өтеген батыр кентінің тұрғындары – 1967, 1975 және 1999 жылы туған азаматтардың мұрнынан жағынды алу мен COVID-19 инфекциясына алынған анализдерінің нәтижесі оң болып шықты. Қазір оларды Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда. Сырқаттардың 132 адаммен байланысқан, соның ішінде 13-імен үй ішінде, 219 адаммен жұмыста және қалғандарымен сыртта қарым-қатынаста болған. Олардың барлығы қазір дәрігерлердің бақылауына алынды, - делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен, Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 53-ке жетті, жазылып шыққандар – 9.


Өзгелердің жаңалығы