Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 17 мамырдағы ақпаратты жариялады.
17 мамырдағы мәлімет бойынша, 38 888 адам коронавирус инфекциясынан (38 379 КВИ+ және 509 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 295 пациент стационарда, 24 593 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 820 адамның жағдайы ауыр,
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
15 мамырда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 20 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 54152, 860 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52783-ке жетті.