Қазақстан халықаралық COVAX иммунизациялау бастамасына қатыса ма?

11 Қыркүйек 2020, 17:12
2335
Бөлісу:
Қазақстан халықаралық COVAX иммунизациялау бастамасына қатыса ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігі ресми өкілінің айтуынша, Қазақстан COVAX (Ковакс) бастамасына қосылды.

Қазақстан вакцинациялау мен иммунизациялауға бағытталған халықаралық COVAX (Ковакс) бастамасына қатысатын болды ма? Бұл сауалға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен күзгі-қысқы кезеңдегі КВИ және жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемиологиялық іс-шаралар туралы онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді.

Бағдарламаға қатысушылар вакцина пайда болған соң оның 20 пайызын алуға кепілдікке ие болады. Қазақстан өзге де елдер сияқты вакцинаның пайда болуын күтуде. Өздеріңіз білетіндей, қазір елімізде де, әлемнің бірқатар мемлекетінде де вакцина жасалу үстінде, - деді ол.

COVAX бастамасы - коронавируске қарсы вакцина дайын болғанда онымен қамтамасыз етуге кепілдік беретін жүйе. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Вакцинация мен иммунизация жаһандық альянсы және эпидемияға қарсы дайындықты инновациялық қамтамасыз ету коалициясының бастамасымен құрылған. Оның мақсаты - 2021 жылдың соңына дейін әлемді 2 млрд доза тиімді вакцинамен қамтамасыз ету.

Айта кетейік, ДСМ ресми өкілі вирус өршіген жағдайда еліміздегі ауруханалар бір мезетте 70 мың адамды қабылдауға қауқарлы екенін мәлімдеді.


Өзгелердің жаңалығы