CORONA-TAXI жүйесін енгізу мәселесі пысықталуда – министр

30 Маусым 2020, 12:15
2543
Бөлісу:
CORONA-TAXI жүйесін енгізу мәселесі пысықталуда – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шараларға арналған онлайн брифинг барысында айтты.

Министр азаматтардан жедел жәрдемнің қызмет көрсету ұзақтығына немесе шақыртудан бас тартуға қатысты шағымдар келіп түсуде. Еліміз бойынша жедел жәрдем қызметін шақыртулар саны орта есеппен 1,8 есе, ал Нұр-Сұлтан, Алматы сияқты ірі қалаларда – 2-2,5 есе өсті. Сонымен қатар, жедел жәрдем бригадалары мен көліктерінің жетіспеу мәселесі өткір тұр. Отандық өндірістегі 807 жедел жәрдем автомашинасын жеткізуге қатысты шарт жасалды, сондай-ақ, шет елдердің тәжірибесін назарға ала отырып, автопарк, медициналық емес ұйымдардың автокөліктерін тарту арқылы, CORONA-taxi жүйесін енгізу мәселесі пысықталуда. Бұл ұсыныстар ведомствоаралық комиссияның қарауына беріледі және қолдау көрсетілетін болады деп үміттенемін, - деді ол.

Алексей Цой қазір қалыптасқан жағдай кезінде пациенттерге медициналық көмекті үйде көрсету ең дұрыс шешім болып отырғанын айтты. 

Амбулаториялық-емханалық көмек дистанциялық жұмыс форматына ауыстырылады, учаскелер деңгейінде шамамен 3 мың мобильді бригада құру жоспарлануда. Бұл бригада медициналық қызметкерлердің пациенттердің үйіне барып, COVID-19-ға қарсы тест алуын, пациенттерге кеңес беріп, ем тағайындауын, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеуін, сондай-ақ пациенттің жағдайына қашықтан мониторинг жүргізуін қамтамасыз етеді, - деді ол.





Өзгелердің жаңалығы