Чилиде ағаштан коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеп жатыр

7 Қазан 2021, 09:42
6894
Бөлісу:
Чилиде ағаштан коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чилиде емдік қасиеті бар Квиллей ағашынан коронавирусқа қарсы вакцина жасалып жатыр. Бқл туралы Хабар24 сайты хабарлады.

Бұл іспен жергілікті компания айналысады. Оған тапсырыс беруші – америкалық Novavax компаниясының британдық филиалы. 

Белгілі болғаны, ковидке қарсы препарат әзірлеуге дәл осы ағаштың қабығындағы белсенді заттардан қолданылады екен. Яғни олар алдымен кептіріліп, кейін ұнтақталады. 

Жалпы, өткен айдың соңында аталған компания дәл осы дәріні сынаудың үшінші кезеңін бастағанын хабарлаған еді. Оған 18 бен 84 жас аралығындағы 10 мың ерікті қатысатыны да айтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы