Былтыр бірден үш вакцина алдым – Аймағамбетов

8 Сәуір 2021, 12:48
1921
Бөлісу:
Былтыр бірден үш вакцина алдым – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан онлайн брифингте былтыр үш вакцина алғаны туралы айтты.

Білім және ғылым саласында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарлама және стратегиялық құжаттар шеңберінде жұмыс жүргізілуде. Тапсырма шеңберінде жұмысымызды «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде іске асырамыз, - деді ол.
Министр брифингті сұрақ-жауап түрінде өткізуді ұсынды. Білім басшысы ОКҚ алаңында былтыр салдырған вакцинасы туралы айтып берді.

Мен вакцина алдым. Былтыр тамыз айының басында вакцина салдырдым. Негізі мен жыл сайын вакцина алатындардың қатарына жатамын, ол тұмауға қарсы вакцина болсын. Былтыр бірден 3 вакцина алуға тура келді. Біріншісі, отандық KazVac, одан кейін тұмауға және пневмококқа қарсы. Вакцина адамзаттың ең кішкентай өнертабысының бірі деп есептеймін. Сондықтан барлығын вакцинаға, ғылымға сенуге шақырамын, - деді министр.
Аймағамбетовтің отбасы да вакцина алады. 
Отбасым да міндетті түрде вакцина алады. Олар да еліміздің басқа тұрғындары сияқты өз кезектерін күтуде. Уақыты келгенде шақырту алып, кезекпен вакцина алады, - деп жауап берді министр брифингте.

Өзгелердің жаңалығы