Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетолог Марина Макиша буындарға пайдалы өнімдерді атап, егде жастағы адамдарға оларды міндетті түрде тамақ рационына қосу қажеттігін айтты.
Маманның сөзінше, ең алдымен организм қалыпты жұмыс істеуі үшін дұрыс тамақтануға ерекше мән беру қажет. Адамның буындары өз қызметін жақсы атқаруы үшін амин қышқылдарын жеткілікті деңгейде тұтыну керек. Амин қышқылдары организмге ақуызға бай тағаммен түседі.
Макиша атап өткендей, егде жастағы адамдардың тамақ рационында салмағына қарай 1,5 гр ақуыз (мысалы 60 келі*1,5гр) мөлшері болуы қажет. Ақуыз майлы емес балықта, құстың етінде, жұмыртқада және сүт өнімдерінде көптеп кездеседі.
Сонымен қатар С дәруменіне бай көкөністер мен жемістерді міндетті түрде тұтыну қажет. Диетолог қара қарақаттың құрамында С дәрумені көп болатынын атап өтті.
Макишаның айтуынша, шеміршекті тіннің қалыптасуы мен қалпына келуі үшін организмге темір керек. Оны бауыр мен еттен алуға болады.