Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады.
Елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі пунктке тест тапсыруға келген балалардың басым бөлігінде телефон бар екен. Оны дауыстап комиссия мүшелері ашты.
Осыдан 2 күн бұрын су жаңа білім және ғылым министрі Асxат Аймағамбетов телефон ұстамауға кеңес берген болатын.
«Түлектер мен ата-аналарға айтарым: ең бастысы - уайымдамау керек. Адам өзімен бірге «шпаргалка» немесе ұялы телефон алып жүрсе, ең алдымен, өзінің мазасы кетеді. Ең біріншіден, «аудиторияға оны қалай кіргізем» деп басы қатады», - деген болатын үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәжілісінде.
Айта кетейік, ҰБТ-ға барлығы 117 242 адам қатысады, оның 96 мыңнан астамы биыл мектеп бітірген түлектер. Мемлекет бакалаврға - 53758 мың грант, магистратураға - 13 мың грант, докторантураға 2312 грант бөліп отыр.