Бас жаңалықтар
Brent маркалы мұнай бағасы соңғы 2 жылда алғаш рет 74 доллардан асты
16 Маусым 2021, 10:05 1250

Brent маркалы мұнай бағасы соңғы 2 жылда алғаш рет 74 доллардан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Брент маркалы мұнай 2019 жылдың сәуірінен бері алғаш рет 74 долларға бағаланды, деп жазды Хабар24.

Бұған сауда-саттықтың соңғы мәліметі дәлел. Ал WTI маркалы қара алтын баррелінің құны 72 долларға қымбаттады, яғни 2 пайызға өсті.

Сарапшылар әлемдік мұнай бағасының артуын барыс-келіске рұқсат берілуімен түсіндіреді. 

Осыған дейін Халықаралық Энергетика агенттігі мұнайға сұраныс деңгейі 2022 жылдың аяғына қарай дағдарысқа дейінгі межеге жетеді деп болжаған болатын.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...