Болат Өтемұратов коронавируспен күресуге 1 млн доллар аударды

20 Наурыз 2020, 14:41
5296
Бөлісу:
Болат Өтемұратов коронавируспен күресуге 1 млн доллар аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Верный Капитал" компаниялар тобы коронавируспен күресуге 1 млн доллар бөлді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Дүниежүзілік коронавирустық пандемия жағдайында елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру үшін президент пен үкімет қабылдаған шаралар кешенін қолдау мақсатында "Верный Капитал" компаниялар тобы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуінен кейін коронавирусқа қарсы іс-қимыл республикалық қорына 1 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.  

Бүгінгі таңда әлемде коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары. Үкімет жаһандық пандемияны тоқтату үшін шаралар қабылдап жатыр.  Бұл өте қиын уақыт және біз бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсетіп, қиындықты бірге өткеруіміз керек. Мен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін 1 миллион долларды республикалық қорға аударуға шешім қабылдадым.  Сондай-ақ компаниялар тобының кез-келген жағдайда әлеуметтік жауапкершілікті бизнес қағидаттарын ұстанатындығын растаймын, - деді Болат Өтемұратов.

Бұған дейін Болат Өтемұратов қоры Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавируспен күрес шараларына 200 миллион теңге бөлген болатын.  Осы ақшамен қор ағзадағы COVID-19 вирусының болуын анықтау үшін экспресс-тестілержиынтығын сатып алады және министрлікпен және денсаулық сақтау басқармаларымен бірге мобильді талдау пункттерін ұйымдастырады.

Өзгелердің жаңалығы