«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсетін ЖОО тізімі көбейді

22 Сәуір 2021, 18:01
2199
Бөлісу:
«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсетін ЖОО тізімі көбейді

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі толықтырылғанын айтты.

Осы жылы оқуға ұсынылған жоғары оқу орындарының тізімі сапалық тұрғыдан өзгерді. Қазіргі таңда тізім жобасына 27 елдің 207 жоғары оқу орны енгізілді. Оларды енгізудегі басшылыққа алған ең басты критерий – олардың әлемнің үш алдыңғы қатардағы академиялық рейтингілері, - деп түсіндірді Айнұр Кәрібозова. 

Халықаралық академиялық рейтингтер - QS, Times Higher Education (THE), Academic Rankings of World Universities (ARWU). 

Осы үш рейтинг бойынша алдыңғы қатардағы 250 жоғары оқу орындары тізіміне енген және басым мамандықтардың дайындығы бойынша көшбасшы болып саналатын 207 университет тізімді толықтырды, - деп айтты ол брифингте. 

Еске сала кетейік, «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, осы жылғы 27 қазанға дейін жалғасады. Сонымен қатар 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді.

 

Өзгелердің жаңалығы