ӘЧ: Бокстан Ұлттық құраманың ширек финалдағы қарсыластары анықталды
02 Қараша 2021, 15:47 807

ӘЧ: Бокстан Ұлттық құраманың ширек финалдағы қарсыластары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың ширек финалдағы қарсыластары белгілі болды.

Еске салайық, ширек финалға ел құрамасынан 10 боксшы жолдама алды. Жарыста былғары қолғап шеберлері күндізгі және кешкі сессияда жекпе-жек өткізеді.

Назарларыңызға ширек финалға шыққан қазақстандық спортшылар мен олардың қарсыластарының тізімін ұсынамыз:

48 келі: Теміртас Жүсіпов/Нодиржон Мырзахмедов (Өзбекстан)

51 келі: Сәкен Бибосынов/Юбергуен Мартинез (Колумбия)

54 келі: Махмұд Сабырхан/Майкл Тринидад (Колумбия)

57 келі: Серік Теміржанов/Эдуард Савин (Ресей)

60 келі: Саматәлі Төлтаев/Софьян Умиа (Франция)

63,5 келі: Санатәлі Төлтаев/Риз Линч (Шотландия)

67 келі: Абылайхан Жүсіпов/Чинзоринг Баттарсухийн (Моңғолия)

71 келі: Асланбек Шымбергенов/Юрий Захареев (Украина)

75 келі: Нұрқанат Райыс/Сальваторе Кавалларо (Италия)

80 келі: Нұрбек Оралбай/ Владимир Мирончиков (Сербия).


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...