"Біз – бандамыз": Академия қызметкері жұмыстан босатылды

3 Қаңтар 2019, 11:48
2844
Бөлісу:
"Біз – бандамыз": Академия қызметкері жұмыстан босатылды

Астана, baq.kz. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Қарағанды әскери академиясының қызметкерлерінің видеосына байланысты хабарлама таратты.


"Тәртіптік кеңестің шешімімен, Қарағанды академиясы бірінші курс басшысының орынбасары Тастайбеков А.Р мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылығы үшін ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды. Сонымен қатар, аталған білім мекемесінің басшылығы мен оның тікелей басшылары қатаң түрде тәртіптік жазаға тартылды", - деп жазды ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Facebook-тегі парақшасында.
 
Еске сала кетсек, ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың ақпаратынша, видеода сөйлеп тұрған ер адам ІІМ Қарағанды академиясы ведомстволық оқу орнының лауазымды тұлғасы екен.

Анықталғаны, бірінші курс студенттерімен құттықтау жолдаған бастықтың орынбасары болып шықты.

Сәдубаев роликтің толықтай зерттелгенін алға тартты. Нәтижесінде, видеоның Жаңа жыл қарсаңында, 31 желтоқсан күні, білім беру мекемесінде түсірілгені белгілі болды.

«Орын алған оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша аталған қызметкер мен оның басшылары жұмыстан босатуға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады», - деген болатын министрлік өкілі.


Өзгелердің жаңалығы