Биыл жастарға қанша пәтер беріледі?

30 Қараша 2020, 14:26
1892
Бөлісу:
Биыл жастарға қанша пәтер беріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс істейтін жастарына сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру жобасын іске асыру» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде биыл қанша пәтер жалға берілетіні туралы айтылды.

2019 жыл Елбасының тапсырмасымен «Жастар жылы» деп жарияланды. Осы ретте Елбасы жастарға сатып алу құқығынсыз жалға пәтерлер беру бойынша 3 қалаға тапсырма берген болатын. 

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы елордада берілетін үйлер бойынша ақпарат берді.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында жұмысшы жастарға 2 050 пәтердің кілтін табыстадық. Биыл еліміздегі орын алған пандемияға байланысты 350 пәтер жастарға табысталады. Бұл жобаның негізгі мақсаты – жұмыс істеп жатқан жастарға мотивация беру, екіншіден жастар 5 жылдың ішінде пәтерді жалға алып тұрған кезде тапқан қаражаттарын жинап, жеке үйлерін сатып алуға жағдай жасау, - дейді Кәрібек.

Сондай-ақ ол негізгі міндет жастарға қолдау көрсету екенін атап өтті.

Басқарма басшысы сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлерге өтінім берудегі негізгі қағидаларына тоқталды.

Құжат тапсыратын азаматтың жасы 29-дан аспауы керек. Сонымен қатар жұмыс істейтін өзінің меншігінде баспанасы жоқ, ТҚЖБ-де есептік шоты немесе басқа банкте тұрғын үй депозит шоты бар, соңғы 6 айда кемінде 111 120 теңгеден (40 АЕК) төмен емес кірісі болуы керек, - деп атап өтті Дәулет Кәрібек.

Өзгелердің жаңалығы