Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің бастығы Әсет Оспанов айтты.
Отбасылардағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету мақсатында полиция органдары құқық бұзушыларға алдын алу шараларын белсенді қолданады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдарға қатысты полиция қызметкерлері биыл 43 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарды. Ішкі істер органдарының материалдары бойынша соттар ерекше талаптарын 5 мыңнан астам отбасы тирандарына қойды, - деді Әсет Оспанов.
Ол атап өткендей, қорғау нұсқамасының мерзімі 30 тәулікке тең.
Қорғау нұсқамасы берілген тұлғаны ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынады. Тұлға 7 күнде кем дегенде бір рет тексеріледі. Оны бұзуға 5 тәулікке дейін әкімшілік жаза тағайындалады, - деді ол.
Оспанов айтып өткендей, биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында әкімшілік тәртіпке 13 мыңнан астам құқық бұзушы тартылды.
Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бойынша 6,5 мың адам, қол жұмсағаны үшін 3,5 мың адам, қорғау нұсқамасын бұзғандар - 3,5 адам тіркелді. Елдегі тұрмыстық зорлық зомбылық профилактикасы жүйесіндегі басты негіз - 2009 жылдың желтоқсанында қабылданған "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" арнайы заң, - деді ол.