Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге баса назар аударып отыр. Оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қорғалған халықтың санатын баспанамен қамтамасыз етуге басымдық берілген.
Осы орайда 2025 жылға дейін 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу көзделген. Алдағы бес жылда 235 мың жер учаскесі тұрғын үй құрылысы үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады. Оның ішінде биыл 17 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй тұрғызу жоспарланған. Республикалық бюджет есебінен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 24,8 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Отбасы банк арқылы «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «5-20-25» бағдарламалары бойынша 23 мың жеңілдетілген несие беріледі, - деді Бейбіт Атамқұлов.
Бұған дейін министр ақылы жолдар төлемі біздің елде арзан екені туралы айтқан болатын.