Биыл қай бағыттағы темір жолдар жөнделетіні белгілі болды

26 Шілде 2021, 13:10
1101
Бөлісу:
Биыл қай бағыттағы темір жолдар жөнделетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да контейнерлік транзиттік тасымалдарды дамыту туралы өткен брифингте «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов айтты.

Соңғы жылдары контейнерлік транзиттік тасымалдау саласында тұрақты өсім бар. Бұл салада қозғаушы күш – Қытай. Қытайға контейнерлік тарнзит пен сол жақтан келетін жүк қарқыны жыл санап артып жатыр. Қажеттілік бар, ол соңғы жылдары артып отыр, - деді ол.

Әлмағамбетов атағандай, биыл «Достық» пен «19 разъезд» арасындағы 25 шақырымдық темір жол құрылысы басталды.

Бұл - пойыз жүретін ең тар орындардың бірі. «Достыққа» пойызбен кіру және өте күрделі. Сондықтан биыл компания өз қаржысына осы құрылысты бастады. Онда қосымша 3 жол салынады. Екінші жолды биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Келер жылдың басында автокедергіні іске қосу жоспарланған. Ендігі жылы «Балқаш-Саяқ» бағытындағы учаскедегі тар жолдарды кеңейтуге кірісеміз. Бюджеттен қаражат бөлінсе, «Достықтан» «Мойынтыға» дейінгі 833 шақырымды жөндеуге тендер жариялаймыз. Егер де қаражат бөлінбесе, компания өз қаражатына екіжолақты жолдың құрылысын жалғастырады, - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы өте жоғары.

Былтыр оның көлемі 21 млн-ды, биыл 25 млн-ды жүзеге асыру көзделіп отыр. Контейнерлік тасымалдау басым болып отыр. Экспорт саласында да жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы