«Бір миллион – түк емес». Депутаттар тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көмектесуді сұрады

29 Наурыз 2019, 13:46
4368
Бөлісу:
«Бір миллион – түк емес». Депутаттар тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көмектесуді сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 27 наурызда Ақтаудан ұшып шыққан Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшады. Экипаждағы 13 адамның барлығы қаза тапты. Маңғыстау облысының әкімдігі тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына 1 млн теңге қаржылай көмек көрсететінін хабарлады. Осы орайда журналистер ҚР Праламент Мәжілісі депутаттарынан «1 млн теңге жеткілікті сома ма?» деп сұрадық.

 
«Халық коммунистері» фракциясының мүшесі, депутат Владислав Косарев:

– Жақындарынан айырылғандарға жергілікті органдар көмектесетін болар. Бұл мемлекеттік емес, жергілікті бюджет. Миллион теңге бүгінде түк емес, шынын айтқанда. Қаза тапқандарды жерлеуге одан да көп ақша кетеді. 

«Ақ жол» фракциясының мүшесі, депутат Берік Дүйсенбинов:

– Адам өмірі ешқандай миллион теңгемен өлшенбейді. Қайтқан жас бауырларымыз – бір-бір үйдің үкілеген үміті. Өте қайғылы жағдай. Әскери жаттығу кезінде осыншама адам қайтатын болса... Бұл біздің әскери ұйымдарға, министрлікке үлкен сын. Бұл азаматтардың орны толмайтын өкініш. Бір миллон теңге ештеңені жаба алмайды.  

Пардамент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов:
 
–  Тікұшақтан қайтыс болған азаматтардың отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Қорғаныс министрлігі, атқарушы органдар тарапынан жан-жақты көмектер көрсетілуі керек. Өйткені олардың соңында балалары, әке-шешелері, отабсылары қалды. Біз отан қорғаған азаматтарға «Отан қорғаушылар» деп қарап, жоғары деңгейде қолдау көрсетуіміз керек. Мәселе ақшада емес, мәселе – жалпы қолдауда. Бір мемлекеттік орган бір миллон теңгемен көмектесер, басқа мемлекеттік орган тұрғын үй мәселесін шешумен айналысар. Отбасылардың барлығы қазіргі жағдайда мемлекет қолдауына ие болуы керек. Жалпы мұндайға жол бермеуіміз қажет. Қайталанбас үшін, әсіресе әскери техникаларды тексеріп, алдын алуымыз керек. Мұндай жағдай елімізде бірінші рет болып отырған жоқ.  

2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырап, экипаждағы 13 адамның барлығы қаза тапты. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай ұшқан. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және «Алтын жебе» арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асқан. 

Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығына сәйкес, ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, оқиға орнына барды. Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп, әуе апатының себеп-салдарын анықтау мақсатында тергеу басталып кетті. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі жеке парақшасында тікұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты.
Өзгелердің жаңалығы