Бас жаңалықтар
Бір қаладан екінші қалаға көшкенде көліктің мемлекеттік нөмірін ауыстыру қаншалықты қажет?
29 Наурыз 2021, 15:29 776

Бір қаладан екінші қалаға көшкенде көліктің мемлекеттік нөмірін ауыстыру қаншалықты қажет?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Олжас Отар жауап берді.

Оның айтуынша, көлік құралының салық төлемдерін жасау үшін бір аймақтан екінші аймаққа қоныс аударғанда көліктің мемлекеттік  нөмірін ауыстыру міндетті емес. Алайда азамат өз қалауы бойынша көлік нөмірін тұрғылықты аймақтың сәйкес нөміріне ауыстыруға құқылы. 

Сонымен қатар бір аймақтан екінші аймаққа ауысқанда салық төлемдері кейде автоматты түрде тұрғылықты жердің салық органдарына ауыспай жататын жағдайлар кездеседі. Мұндайда салық төлеуші бұрыңғы мекен-жай бойынша салық органдарына хабарласып, оны қазір тұрып жатқан жердің салық органдарына аудартуға мәжбүр. Олжас Отар бұл процесс неліктен автоматты түрде жүзеге асырылмайды деген сауалға да жауап берді.

Мысалы азамат Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударды делік. Оның салық органдарындағы бет есебі ол тіркеуге тұрғанда автоматты түрде ауысуы тиіс. Алайда автоматты түрде ауыспайтын жағдайлар да туындап жатады. Салық органдарының қызметкерлері оны өздері жүзеге асырады. Ал азаматқа төлем жасалса да қоныс аударғанда салық қарызы туралы хабарлама келсе, бұрыңғы мекен-жай бойынша салық органдарына өзі хабарласып аудартқаны дұрыс, - деді ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...