Бір кабинеттен басқа кабинетке барып оқытуға жол берілмейді – министр

27 Тамыз 2020, 14:57
2184
Бөлісу:
Бір кабинеттен басқа кабинетке барып оқытуға жол берілмейді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Мектептегі оқуға байланысты 2 ерекшелік бар. Біріншісі кезекші сыныптардың жұмысы. Бұл 1-4 сыныптарға байланысты ата-аналардың дербес шешімі, өтініштері болса, осындай «кезекші сыныптар» ұйымдастырылатын болады. Екінші ерекшелік – шалғайдағы, ауылдардағы шағын жинақталған мектептер. Егер осы ауылдарда эпидемиологиялық ахуал жақсы болса, онда мектептер дәртүрлі форматта оқитын болады, - деді министр.
Қашықтан оқыту 2 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі.
Қашықтан оқыту бойынша 2 негізгі бағыт бар. Алғашқысы интернет арқылы оқыту. IV тоқсанда екі негізгі интернет платформа болса, жазда тағы 6 қосылып, бүгінгі күні 8 интернет платформа бар. Платформалардың ыңғайына, беретін мүкіндіктеріне орай, мектептер жұмыс істейтін болады. Екіншіден теледидар арқылы берілетін сабақтар. IV тоқсандағыдай, «Балапан», «Еларна» телеарналары арқылы сабақтар жүргізіледі. Жоспарға сәйкес, күніне 9 сағатқа дейін эфир беріліп отыр, - деді ол.
Сондай-ақ министр кезекші сыныптарда оқитын мектептердің жұмысы туралы айтты.
Кезекші сыныптар дәстүрлі форматта оқиды десек те, бірнеше өте қатаң талап қойып отырмыз. Ең бастысы қауіпсіздік мәселесі. Біріншіден, үзілістер әр түрлі уақытта болады. Сондай-ақ сабақ басталуы да әр түрлі уақытта. Екіншіден, сабақтың ұзақтығы 40 минут қана болады. Сонымен қатар санитарлық талаптарды қатаң сақтау керек. Балалар тек 1 кабинетте ғана оқиды. Бір кабинеттен басқа кабинеттерге барып оқытуға жол бермейтін болып шештік. Күн сайын термометрия, желдету, жуу бойынша тиісті шаралар қолданылады, - деді Асхат Аймағамбетов.



Өзгелердің жаңалығы