Бас жаңалықтар
Білім беру ұйымдарына құжаттар медициналық анықтамаларсыз қабылданады
03 Шілде 2020, 10:45 226

Білім беру ұйымдарына құжаттар медициналық анықтамаларсыз қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім беру ұйымдарына қабылдану үшін тиісті құжаттарды тапсыру барысында анықтамаларды  уақытша ұсынбауға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram-каналында жарияланды. 

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алуда туындаған қиындықтарға байланысты Білім және ғылым министрі білім беру ұйымдарына (балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен жоо-ларға) құжаттарды медициналық анықтамаларсыз қабылдауға уақытша рұқсат беру туралы бұйрыққа қол қойды.

Egov.kz порталы арқылы құжаттарды жіберу барысында медициналық анықтамаларды өзіне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмайтын азаматтар үшін аталған анықтамаларды кейін ұсынуға мүмкіндік беретін функция іске қосылады. Қазіргі уақытта білім алушылар медициналық тексеруден өткені туралы анықтамаларсыз шартты түрде білім беру ұйымдарына қабылданады, - делінген хабарламада. 

Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...