БҒМ мектеп ауласындағы дәретхананы жоймаған бірқатар өңір әкімдіктеріне ескерту жасады

10 Қыркүйек 2021, 15:49
11203
Бөлісу:
БҒМ мектеп ауласындағы дәретхананы жоймаған бірқатар өңір әкімдіктеріне ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігі мектептерге байланысты тапсырмаларды орындамаған тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін бірқатар өңірдің әкімдіктеріне хат жолдады.

Мәселе мектеп ауласындағы дәретханаларға қатысты сұрақтарды шешу және бейнебақылау камераларымен, дабыл батырмалары және қауіпсіздік жүйелерінің басқа элементтерімен қамтамасыз ету туралы болып отыр.

Мектептерді қаржыландыру функциялары, олардың құрылысы және қажетті жағдайлар жасау, оның ішінде санитарлық, қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері заң жүзінде әкімдіктердің құзырында екенін атап өткен жөн.

Оқу жылының басталуы қарсаңында БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері еліміздің барлық облысы мен қаласындағы әкімдіктерге ведомстволық бағынышты мектептерді тексерді.

Инспекция барысында Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарындағы және Шымкент қаласындағы мектептерде жылы дәретханалармен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштің 100%-ға жетпейтіні анықталды. Бұған дейін Үкімет оқу жылының басында мектеп ауласындағы барлық дәретхананы жою міндетін қойған болатын, - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар пайдаланылатын жылы дәретханалардың эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі бойынша да сұрақтар туындайды. Атап айтсақ, жабық кабиналар, қолды жуу және кептіруге арналған құрал-жабдықтардың болуы жөніндегі және тағы басқа талаптар. Осындай мәселелерді шешу үшін БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті санитарлық ережелерге өзгерістер енгізді.

Айта кетейік, жергілікті атқарушы органдармен қысқа мерзімде 2600-ден астам жылы дәретхана салынды. Сонымен бірге Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында бейнебақылау камераларын орнату бойынша мәселелер толық шешілмеген.

Өзгелердің жаңалығы