Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

14 Мамыр 2020, 08:10
1807
Бөлісу:
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазақстанның басым бөлігінде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша жаңбыр жауады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте және орталықта дауыл күтіледі. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі, бұрщақ жаууы ықтимал. 

Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. 

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде Ақмола, Батыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарында және Алматы, Атырау облыстарында найзағай жарқылдайды.

Өзгелердің жаңалығы