Бейруттағы теңіз портында жойқын жарылыс болды

4 Тамыз 2020, 23:17
3044
Бөлісу:
Бейруттағы теңіз портында жойқын жарылыс болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Жарылыс Бейруттағы теңіз портында жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 18.00 болған. Қаладағы көптеген ғимаратқа зақым келіп, көбісінің терезесі қирап қалған.

27854331-83db-4af0-acd0-4b23fd748bf0.jpg

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, теңіз портындағы пиротехника тиелген кемеде жарылыс болған. Жарылыс салдарынан көз жұмған және зардап шеккен адамдар өте көп.

0611a424-b4e1-46e9-8954-fbc94854ac96.jpg

fb17d496-e638-43cf-93af-3502c7e5d881.jpg

Тіпті, Бейруттағы Қазақстан елшілігінің ғимаратына да зақым келген. Ливандағы ҚР консулы Спабек Бағланның айтуынша, дипмиссия қызметкерлерінің арасында зардап шеккендер жоқ.

b555440d-ae7f-42fe-adae-acae8ebec1e4.jpg

Айта кетейік, таяуда елдің экс-премьері Рафик Хариридің өліміне қатысты іске сот үкімі шығуы тиіс еді. Сонымен қатар, жұма күні БҰҰ трибуналы Хариридің өлімі бойынша сырттай айыпталған төрт адамға үкімді жариялауы тиіс болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, Харири 2005 жылы бомба қойылған көлік жарылысы кезінде көз жұмған.



Өзгелердің жаңалығы