Facebook-те жаңа функция пайда болды

15 Мамыр 2020, 15:08
2337
Бөлісу:
Facebook-те жаңа функция пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Facebook әлеуметтік желісінде Messenger Rooms топтық бейнеқоңыраулар сервисі іске қосылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметіне қарағанда, жаңа функция 14 мамырда, яғни кеше АҚШ пен Канадада ресми түрде іске қосылды. Компания басшысы Марк Цукерберг әлеуметтік желідегі жеке парақшасында әлем бойынша жаңа қосымшаның іске қосылуы келесі аптаға жоспарланып отырғанын жазды.

Сервис коронавирус пандемиясына байланысты бейнеқоңырауларға сұраныстың артуына байланысты жасалған көрінеді. Мұндай конференцияларды Facebook немесе Messenger қосымшалары арқылы жасауға болады.
 

Сіз жеке бөлме (Room) жасай аласыз және сілтеме арқылы бірнеше досыңызды шақыра аласыз. Сондай-ақ, өз тобыңыздағы адамның біреуіне сіз жоспарлап отырған шараға арналған бөлме жасауға да мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, барлық досыңыз үшін жаңалық таспасының жоғарғы жағында бөлме жасап, кімнің кіргенін көре аласыз, - дейді Марк Цукерберг. 

Messenger Rooms сервисінде уақытқа шектеу жоқ, бөлмеге 50 адамға дейін тіркеуге мүмкіндік бар. Айта кетейік, жақында топтық қоңыраулар Цукерберг компаниясына тиесілі WhatsApp және Іnstagram әлеуметтік желілерінде де пайда болады.



 

Өзгелердің жаңалығы