Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көшелерден қоршаулар алынып, негізгі магистральдар бойынша көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп жазды ТАСС.
ОМОН, Ішкі әскерлер және Беларусьтің басқа да күштік құрылымдары Минск көшелерінен кетті, деп хабарлайды tass.ru. Олар жексенбі күнгі президенттік сайлаудың нәтижелерімен келіспейтіндердің жаппай наразылықтарының қайталануына жол бермеу үшін сол күні кешке қаланың бүкіл орталығын бақылауға алу мақсатында енгізілді.
ТАСС тілшісі хабарлағандай, көшелерден қоршаулар алынып, негізгі магистральдар бойынша көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Сәрсенбі күні қала орталығындағы қауіпсіздік күштерінің қоршауына байланысты барлық наразылық акцияcы өзге кварталдарға көшті. Ауыр қақтығыстар оңтүстік-батыстағы Малиновка ауданында, сондай-ақ солтүстік-шығыстағы Уручье мен оңтүстіктегі Серебрянкада болды. Күшейтілген милиция құрылымдары бірден сол аудандарға жіберілді. Олар шерушілерді тарату үшін арнайы құралдардың барлық арсеналын (соның ішінде жеңіл гранаттар мен резеңке оқтарды) жұмсады. Кейбір жерде наразылық білдірушілер баррикадалар салуға тырысты. Бірақ бұл әрекеттерді құқық қорғаушылар тез арада тоқтатты.
Куәгерлердің айтуы бойынша күштік құрылымдардың сейсенбі күнгі әрекеттері айтарлықтай батыл және қатал сипатта болғанын байқауға болады. Күштік әрекеттерге көшеде өз бетімен жүрген адамдардың көпшілігі іліккен. Қауіпсіздік күштері үйлердің аулалары мен кіреберістерін тінтіп, өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, адамдардың қолынан осы күндері наразылықтың символына айналған ақ білезік байқалса, ондай жолаушыларды дереу ұстаған, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қауіпсіздік қызметкерлері баспасөз өкілдеріне де қысым көрсеткен жайттары болды. Баспасөз өкілі аккредиттелген болса да, фото және бейнетехниканың жойылуына қарамастан, оларға қатысты күш қолдану жағдайлары тіркелді.
Ұсталғандардың немесе зардап шеккендердің саны туралы ешқандай ресми дерек жоқ. Қалада әлі де мобильді интернет жұмыс істемейді. Бірақ ұялы байланыс қолжетімді.
Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президенттік сайлау өтті. Сайлауға бес кандидат қатысты. Олар - қазіргі Президент Александр Лукашенко, күйеуі үшін сайлауға түскен Светлана Тихановская, Анна Канопацкая, Андрей Дмитриев және Сергей Черечень. Өткен сайлау қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80,08%, оның бас қарсыласы Светлана Тихановская 10,09% дауыс жинаған.