Бектаев дауыс берді

10 Қаңтар 2021, 09:33
2454
Бөлісу:
Бектаев дауыс берді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл» партиясы төрағасы Әли Бектаев сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Бектаев дауыс берді

«Ауыл» партиясы төрағасы №66 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Бектаев дауыс берді

Биылғы сайлауға 5 партия қатысады. Орталық сайлау комиссиясы жалпы 312 кандидатты тіркеді. Тізімге 90 әйел және 222 ер адам енген. Оның ішінде ең көбі – Nur Otan партиясынан (126 адам). Екінші орында – Қазақстан халық партиясы (113 адам). Ал «Ауыл» партиясы 19, Adal партиясы 16, «Ақ жол» демократиялық партиясы 38 кандидатты тіркеді.

Бүгін халық келіп, өз қалауларын жасап жатыр. Сайлау алдында көп жұмыс атқардық. Өз жоспарымыздағы жұмыстың барлығын атқарып шықтық деп ойлаймыз. Сондықтан бұл сайлаудан үлкен үмітіміз бар. Шынын айтқанда, биылғы сайлау өте ерекше сайлау болып отыр. Өзім талай сайлауға қатысып та, дауыс беріп те жүрген адаммын. Ерекшеліктері өте көп болды. Партиялар арасында өте үлкен тайталас, жарыс болды. Әр партия өзіне лайықты дауыс жинау үшін елді, елді мекендерді қамтуға тырысты, - деп айтты ол. 

Сондай-ақ, Әли Бектаев іс-шара барысында 8 400-ден астам елді мекендерді аралап шыққандарын жеткізді.

Бектаев дауыс берді

Кандидаттарымыз мүмкіндігі бар ауыл, қала, елді мекендерді қамтып, сайлауалды бағдарламаны жеткізуге тырыстық. ОСК тарапынан да, атқарушы органдар тарапынан да барлық мүмкіндік, жағдай заң шеңберінде жасалды. БАҚ беттерінде де бірдей жағдай жасалды. Сондай-ақ, карантин жағдайына байланысты халықпен кездесу кезінде тиісті заңға сәйкес санитарлық нормаларды сақтадық, - деп түсіндірді партия төрағасы журналистерге берген сұхбатында.

Ол бұл сайлау қазақстандықтарға өзінің конституциялық құқығын пайдалануға мүмкіндік беретінін жеткізді. 

Сондықтан әр азамат, әр тұрғын бұл сайлауға келіп, қатысуы керек деп ойлаймыз. Себебі мұндай мүмкіндік конституция арқылы беріліп отырғандықтан оны пайдалану азаматтық парызымыз, - деді ол.

Айта кетейік, бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.

Сайлау учаскесінде алғаш болып дауыс бергендерге, бірінші рет сайлауға келгендерге және туған күн иелеріне «Абайдың» кітаптары сыйға беріліп жатыр. Оның ішінде алғаш рет дауыс берушілер саны тізім бойынша 73, туған күн иелері - 9.

Еске салайық, астанада 349 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде елордадағы Қонаев көшесіндегі №66 мектепте орналасқан №113 сайлау учаскесіне 2917 адам тіркелген. Таңғы сағат 7:00-ден бастап сайлаушылар өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, таңдауларын жасап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы