Бекшин сән салондары мен фитнес орталықтар қалай жұмыс істейтінін айтты

29 Қаңтар 2021, 16:26
1994
Бөлісу:
Бекшин сән салондары мен фитнес орталықтар қалай жұмыс істейтінін айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қаладағы сән салондары бұрынғы режимде істейді, ал фитнес орталықтар демалыс күні жұмыстарын тоқтатады. 

Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин кәсіпкерлердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.

Оның айтуынша, қаладағы сән салондарының жұмысына ешқандай шектеу енгізілмеген.

Салонға бұрынғыдай онлайн форматта алдын ала жазылып бару қажет. Онда арнайы алгоритм бекітілген әрі дезинфекция жұмыстары күшейтілген. Сондықтан сән салондары бекітілген алгоритм бойынша жұмыстарын жалғастыра береді, - деді ол.

Сондай-ақ ол фитнес орталықтарға қатысты Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы шыққанын жеткізді.

Қазіргі таңда фитнес орталықтардың жұмысы жалғасып жатыр. Олар тек демалыс күні бір күн демалады, - деді Бекшин.

Айта кетсек, 1 ақпаннан бастап Алматыда карантин шаралары күшейтіледі.  

Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша сауда ойын-сауық орталықтары мен дәмхана, мейрамхана мен базарлардың жұмысына шектеулер енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы